№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Бөбекжайымыздың “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында құрылған жоспарына сәйкес, педагогтердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық ойындар ойнату арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, командалық көңіл-күйге, бір-біріне деген ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу мақсатында бөбекжайымызда ️“Біз біргеміз, мықтымыз” атты педагогтер арасында спорттық жарысы өткізілді. Шараны бөбекжайымыздың дене тәрбиесі нұсқаушысы Назира Рахметқызы ұйымдастырып, споррттық қимылды ойындар мен ұлттық ойындар ойналды. “Шаңырық”, “Бірлік”, “Қарлығаш” тобынан құралған 21 педагог қатысып:
1.Шарды жеткіз
2.Допты түсірмей апару
3.Матамен секіру
4.Пирамида құрастыру
5.Ұршықтағы жіп
6.Зерек ойыны
7.Бес кеней-ұлттық ойындарын ойнау арқылы өз ептіліктерін, жылдамдықтарын көрсетті.
Спорттық жарыс соңында бөбекжай басшысы Райхан Аманқосқызы жеңімпаздарды марапаттап, жеңімпаз кубогы мен сыйлықтар табыстады.
Спорттық жарысқа қатысып, өз белсенділіктері мен ептіліктерін көрсеткен барлық қатысушы педагогтерімізге алғысымызды білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DGQQUuvvqV5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан
️”Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында бөбекжайымыздың ????????16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық топтарда “Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбында альбомдар, буклеттер, патриоттық бұрыштар толықтырылып, тәрбиеленушілерг...Құрметті ата-аналар, бөбекжай қызметкерлері!!!
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында желтоқсан айының 9-12 аралығында өтетін "Бөбекжайға кітап сыйла"атты акциясына қатысуға шақырамыз! "Кітап-білім бұлағы"демекші, кітап оқу арқылы баланың бойына рухани құндылықтарымызды дарытып, көңілдеріне қуаныш сыйлайық! https://www.instagr...№5 "Ақжелкен" ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Шубаева Медина анасымен танымдық дағдыларын жетілдірді
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




