№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
30 мамыр күні бөбекжайымызда 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша, «Оқу жылының қорытындыларын талдау. Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
1. Бөбекжайдың 2024-2025 оқу жылының қорытындысы.
2. Педагогтердің жұмысының есебі.
3. Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту.
4. Жаңа оқу жылына бағыт бағдарлау.
Педагогикалық кеңес барысында жылдық жұмыстардың есебі тыңдалып, жеткен жетістіктер мен өткізілген шаралардың қорытындылары талқыланып, жаңа оқу жылына мақсаттар мен міндеттер қойылып, шешім шығарылды.
Педагогикалық кеңес соңында бөбекжай психологы мен логопед маманы педагогтардың жағымды көңіл-күй қатынастарын реттеу, ұжымда өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту мақсатында тренинг ұйымдастырды.
2025–2026 оқу жылының мақсаттары: №1 педагогикалық кеңес өтті
2024–2025 оқу жылының қорытындысы: №5 педагогикалық кеңес
Ұлттық құндылықтарды насихаттау: №4 педагогикалық кеңес жұмысы
Педагогикалық кеңес: аттестация ережелері және ұлттық құндылықтарға негізделген технологиялар
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




