№57 бөбекжай

Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім
бөлімінің «№57 «Ақбота» бөбекжайы»
жедел басқару құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны

Ұлттық құндылықтарды насихаттау: №4 педагогикалық кеңес жұмысы

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде бөбекжайымызда тәрбие мен білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын түсіну және оны жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Бөбекжайда ұлттық құндылықтар мен ойындарды насихаттаудың маңызы» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңесті бөбекжай басшысы Р.Избасарова ашып күн тәртібімен таныстырып өтті. Бөбекжай әдіскері Н.Харесова педагогтерге «Ұлттық құндылықтарды насихаттаудың әдістемесі» тақырыбында әдістемелік сағатын өткізді.

Бөбекжай педагогтері ұлттық ойындарды қолданудың маңыздылығы тақырыбында әзірленген ойын түрлерімен таныстырып, әскерлік ойындарын жүргізді.

Сонымен қатар, педагогтерге арналып ұжымдағы шығармашылық, жаңашыл идеяларды ұсыну, мектепке дейінгі ұйымның сапасын арттыру жолдарын бірлесіп табу ең үздік шешімдерді жүзеге асыру мақсатында педагогикалық хакетон әдісімен сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Педагогикалық кеңес соңында бөбекжай психологы мен логопед маманы педагогтардың жағымды көңіл-күй қатынастарын реттеу, ұжымда өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту мақсатында тренинг ұйымдастырды.

https://www.instagram.com/reel/DJBFewxpFdA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жарияланған күні: 29-04-2025  



2025–2026 оқу жылының мақсаттары: №1 педагогикалық кеңес өтті

iconБөбекжайымызда ағымдағы жылдың 28 тамызы күні 2025-2026 оқу жылының “Жаңаша көзқарас- сапалы тәрбие мен білімге бағыт” тақырыбындағы №1 педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңесті бөбекжай басшысы Р.Избасарова ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде: 1. “Жазғ...

  

2024–2025 оқу жылының қорытындысы: №5 педагогикалық кеңес

icon30 мамыр күні бөбекжайымызда 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша, «Оқу жылының қорытындыларын талдау. Жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды: 1. Бөбекжайдың 202...

  

Ұлттық құндылықтарды насихаттау: №4 педагогикалық кеңес жұмысы

iconАғымдағы жылдың 21 сәуірінде бөбекжайымызда тәрбие мен білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығын түсіну және оны жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Бөбекжайда ұлттық құндылықтар мен ойындарды насихаттаудың маңызы» тақырыбында №4...

  

Педагогикалық кеңес: аттестация ережелері және ұлттық құндылықтарға негізделген технологиялар

iconАғымдағы жылдың 31 қаңтарында бөбекжайымызда «Педагогтерді аттестация ережелерімен таныстыру және ұлттық құндылықтар негізінде асық технологиясын қолдану» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесті бөбекжай басшысы Р.Избасарова ашып күн тәртібім...

  

Педагогикалық кеңес №2

iconБөбекжайымызда «Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуда дамытушы ортаның ықпалы» тақырыбында оқу жылының екінші педагогикалық кеңесі өтті. Бөбекжай әдіскері Н.Е. Харесова педагогикалық кеңестің күн тәртібімен таныстырды. Бөбекжай педагогтері дамытушы орта...

  

Педагогикалық кеңес №1

iconБөбекжайымызда «Цифрлық технологиялар-мектепке дейінгі білім беру сапасына жаңа бағыт» тақырыбында жаңа оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңесті бөбекжай басшысы Р.А.Избасарова ашып, педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Б...

  

Избасарова Райхан Аманкосовна

Құрметті сайт қонақтары!

Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!

Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.

Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

Виртуалды қабылдау

Қабылдауға жазылу

Мейрамдар
1
Card image cap

Аналар мектебі

Подробнее
Card image cap

Жаңа жыл

Подробнее
Card image cap

Өнер көзі-қолөнер

Подробнее
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Толығырақ