№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
1 мамыр -Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қазақстанның көп ұлтты халықтары арасында бірлік пен ынтымақтастығы мен бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы екендігін түсіндіру мақсатында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйіне бөбекжайымыздың ересек, мектепалды тобының тәрбиеленушілері мен педагогтері “Бірлік -бақыттың бастауы” атты концерттік бағдарламасымен барды.
Мерекелік шараға Қоғамдық келісім” мекемесінің қызметкерлері мен этнобірлестік өкілдері, ата-аналар қатысты.
Концерттік бағдарламаны Қоғамдық келісім” мекеме басшы орынбасары Боранова Мереке Махмудқызы, Маңғыстау облысы аналар кеңесінің мүшелері Фаталиева Зарета Ахмедуллаховна, Мурадян Татьяна Сергеевна және бөбекжай директоры Райхан Аманқосқызы құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Балалар түрлі ұлт өкілдерінің билерін билеп, тақпақ айтып, шараны “Әрқашан күн сөнбесін” әнімен аяқтады.
Мереке соңында “Қоғамдық келісім” ұжымы атынан бөбекжай ұжымына алғыс айтып, балаларға сыйлықтар табыстады.
https://www.instagram.com/reel/DJJm2jhS_FP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
№10 "Балдәурен" мектепалды тобы “Достығымыз жарасқан” ертеңгілігі
Мақсаты: 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып, олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Г.Амантурлиева, М.Абубакир...№8 “Күншуақ” және №11 “Қызғалдақ” ересек топтарында өткен мерекелік шара
1 мамыр- Бірлік,ынтымақ күні мерекесіне орай №8 “Күншуақ” және №11 “Қызғалдақ” ересек топтарында өткен мерекелік шара Біз балдырған тең басқан! Дос құшағын кеңге ашқан. Тілегіміз әділдік! Ашық болсын кең аспан! https://www.instagram.com/reel/DJEbD12xP5E/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ..."Наурыз мерекем-Наурыз берекем"
№6 "Айгөлек" ересектер тобында ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігі Мақсаты: балалардың Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейте отырып, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру. Тәрбиеші: Г.Досанова, Н.Муханова https://www.instagram.com/reel/DHdgOHhSRj-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№12 "Қарлығаш" мектепалды тобы, «Қош келдің, әз Наурыз!» ертеңгілігі.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Тәрбиешілер: М.Айдымбеова https://www.instagram.com/reel/DHbh55KIMYE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№10 "Балдәурен" мектепалды тобы
"Қош келдің, әз-Наурыз" атты ертеңгілігі Мақсаты: Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші: Г.Амантурлиева https://www.instagram.com/reel/DHah46jSWbC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=...№7 "Бәйшешек" мектепалды тобы, «Наурыз мерекем-наурыз берекем!» ертеңгілігі.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының ...№10 "Балдәурен" мектепалды тобы
"Айдидарлы анашым" атты ертеңгілігі Мақсаты: Аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру. Балаларды ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу. Тәрбиеші: М.Абубакирова, Г.Амантурлиева https://www.instagram.com/reel...№12 «Қарлығаш» мектепалды тобы
"Ана – аса қымбатты жан" атты ертеңгілігі Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Тәрбиеші: М.Айдымбекова https://www.instagram.com/reel/DG17rbMSoLG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№10 “Балдәурен” мектепалды тобының “Жаңа жыл, жаңа жыр!” атты ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Ортада өздерін еркін ұстауға тәрбиелеу. Тәрбиеші: А.Жаңбырхан. https://www.instagram.com/reel/DEOo55Oyy...№6 “Айгөлек” ересек тобының “Қош келдің, жаңа жыл!” атты ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың музыкалық нөмірді ұжыммен орындау машықтарын бекіту; би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауын жетілдіру. Бір-біріне достық қарым-қатынасты және мейірімділікті тәрбиелеу. Тәрбиешілер: Г. Досанова, Н. Муханова. https://www.instagram.com/reel/DEOn1Syy9hx/?utm_so...Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




