№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс батырларын еске алу мақсатында Мәңгілік алауға саяхат жасап қайтты. Танымдық іс-шара барысында балаларға ел қорғаған ержүрек батырлардың ерлігі мен бейбіт өмірдің қадірі туралы кеңінен түсіндірілді.
Саяхат кезінде тәрбиеші балаларға Мәңгілік алаудың тарихы мен оның символдық мәні жайында әңгімеледі. Балалар тарихи орынға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.
Мұндай тәрбиелік саяхаттар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, тарихи мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Экскурсия балаларға ерекше әсер сыйлап, есте қаларлықтай өтті.
Тәрбиеші: Ж.Қойшығұлова
“Достығымыз жарасқан” атты концерттік бағдарламасы
Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес 21 наурыз -Ынтымақ күні
Бұл күн өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың қазіргі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуден тұрады. Қазақстанда Наурыз мейрамы бізді ұлттық өзекке оралтып қана қоймай, ел ішіндегі ағайын мен сырттағы бауырларды байланыстырушы кө...Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




