Үздік эргономикалық шешімдер

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 «Ақбота» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК Ақтау қаласындағы  28 шағынауданда  орналасқан.

«Ақбота » атты әдемі атқа иелік еткен  балабақша  2008 жылдың  ақпан айында жобалық сыйымдылығына сәйкес 320 орындық бөбекжай болып ашылды. 

№57 «Ақбота» бөбекжайы  бүлдіршіндерге  ұлттық тілде білім мен тәрбие беретін қазақ балабақшасы. Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап , денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру – біздің басты мақсатымыз.

Қазіргі таңда бөбекжай 320 ға жуық бүлдіршіндерді  қамтып, оларды жас ерекшеліктеріне қарай  12 топқа бөліп, бағдарламаға сай оқу- тәрбие  процестері  күн тәртібіне сәйкес  жүргізіледі.

«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»- деп елбасымыз айтқандай бөбекжайда баланың таным ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі.

Бөбекжайымыздың өзіндік сайты ашылды. Сайтқа әрбір өткізілген іс-шара, ашық оқу іс-әрекеттер, фото көрме, балабақша туралы мәліметтер уақытылы жіберіліп отырады.

Бөбекжай аумағында  әсем безендірілген әр топқа арналған ойын алаңдары, спорт алаңы  және гүлзарлар бар.

Балалардың толық  қамтылған білім мен тәрбие алуы үшін  №57  мектепке дейінгі мекемеде оқу тәрбие кабинеттері де қарастырылған.

1. Балабақша  дене шынықтыру залымен, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттері құралдарымен жабдықталған. Дене шынықтыру  залында  баланың жас ерекшелігін ескере  отырып, әр түрлі  ойын сабақтармен  спорттық мерекелер, шаралар ұйымдастырылып отырады.

2. Сонымен қатар бөбекжайда ән – саз  залыда жабдықталған. Онда балалар  өзіне керекті ән күйлермен, ұлттық аспаптар  тартумен  айналысып, еліміздің әр түрлі  ақын-сазгерлерінің  өнерлерімен танысады.

3. Баланың ақыл ойының жетілуіне, шығармашылық дамуына, эстетикалық  талғамының  өсуіне де мән беру  үшін, өз алдына бейнелеу өнері кабинеті  жабдықталып,  балаларға  бейнелеу  өнері маманы дәріс  береді.  Бұл  кабинетте балалар бейнелеу өнерінің  қырын- сырын, өз жас ерекшеліктеріне  қарай игеріп, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сияқты  өнер салаларында  білім алады.

4.Бөбекжай қабырғасында  психолог  кабинеті жабдықталып, тек  қана  бөбекжай балаларына ғана емес, ата-аналарғада кеңестер беріліп, көмек көрсетеді.

5.Бөбекжайымызда қазақ тілі  кабинеті де қазіргі  заманның  талабына  сай  жабдықталып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, бойларына сіңіру және  тәлім тәрбиені балаларға ғана беріп қана қоймай, ата- аналармен  де тығыз байланыста болып, оқу  іс - әрекеттеріне  араластырылып, үнемі әр түрлі шаралар  өткізіледі.

6. Мемлекеттік стандартқа сай бағдарламадағы берілген  іс - әрекеттерін  толыққанды ұйымдастырып, дұрыс әдістемелік талаптар бойынша жүргізу мақсатында бөбекжайда  әдістемелік  кабинет жұмыс жасайды. Әдістемелік кабинет  мектепке дейінгі әр топ  балаларының жас ерекшелігіне  байланысты әдістемелік оқулықтармен жасақталып, тәрбиешілерге  соның ішінде  жас мамандарға әдістемелік көмек беріп отырады.

7. Бөбекжай «Монтессори» технологиясы, «Асық технологиясы», «Денсаулық технологиясы» бойынша жұмыс жүргізуде. Топтарда арнайы технологияларға арналған бұрыштар жасақталып, педагогтерге әдістемелік кеңестер өткізіліп тұрады.

8.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  балаларға білім мен тәрбиені беру үшін  балабақшада білікті де білімді мамандар жұмыс жасайды. Бөбекжайды 3 педагог сарапшы, 9 педагог модератор, ІІ санатты 3 педагог, жоғары және орта білімді мамандар қызмет жасайды.

Бөбекжай қала, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысып отырады.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезеңінен басталады.Ол үшін балаға барлық жағдай  жасалуы керек.Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі,мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі.Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап , днсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру – біздің басты мақсатымыз.

  

Жарияланған күні: 16-05-2024  

Избасарова Райхан Аманкосовна

№57 «Ақбота» бөбекжай ЖБҚ МКҚК директоры Избасарова Райхан Аманкосовна

Туған жылы мен жері: 1978 жылғы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті 2004 ж; Бастауыш сынып мұғалімі;

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті-2018 ж.; "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие" мамандығы. Біліктілік санаты: "Екінші санатты басшы", Педагог - сарапшы

Мейрамдар
Card image cap

№57 “АҚБОТА” БӨБЕКЖАЙЫ БҮЛДІРШІНДЕРІНЕН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ӘН ШАШУ

Подробнее
Card image cap

Аналар мектебі

Подробнее
Card image cap

Жаңа жыл

Подробнее
Бөбекжай ішіне виртуалды саяхат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл!
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Толығырақ
...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Толығырақ