Бөбекжай мен мектеп арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахналық мәдениетін қалыптастыру және мектеп пен бөбекжай арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында 1-сынып оқушылары бөбекжай тәрбиеленушілеріне ертегі қойылымын ұсынды.
Іс-шара барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, сахналық қойылым көрсетті. Балалар өз рөлдерін мәнерлеп орындап, кейіпкерлердің мінез-құлқын шынайы жеткізе білді. Қойылым барысында бөбекжай тәрбиеленушілері ертегіні қызығушылықпен тамашалап, белсенділік танытты. Бүлдіршіндерге қуанышты көңіл сыйлап, ертегі қойып берген №20 М.Әуезов атындағы ЖБББ КММ-нің 1-сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз.
https://www.instagram.com/reel/DVGQ1oskg1Q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




