Ата-аналарға кеңес беру пункті
Бөбекжайдағы ата-аналарға кеңес беру пункті ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып, балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін, отбасы және тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында құрылады. Консультациялық пункттер бөбекжай мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі педагогтердің ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар бөбекжайдың басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, медбике т.б.) ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді.
Бөбекжаймыздағы консультативтік пунктке жүйелі түрде келіп тұратын ата-аналарда бар. Олар үй жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін мұндай пункттердің маңызын жақсы түсінеді.
Бөбекжайдағы кеңес алуға келген ата-аналарды бөбекжай басшысы Р.Избасарова қабылдап, консултациялық пункттің жұмыс кестесімен таныстырып, баланы мектепке дейінгі ұйымға тіркеуге жәрдемдесіп, кеңес алушы ата-ананы кеңес беру орталығымен таныстырады. Бөбекжай психологы М.Мұратбай кеңес алушы ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне қарай даму ерекшеліктері туралы кеңес беріп, заттық дамытушы ортамен ортамен таныстырды.