Бөбекжайдағы ата-аналарға арналған қызықты кеңестер
1. «Күнің қалай өтті?» деп сұраңыз, бірақ басқаша!
«Бүгін бөбекжайда күлкілі не болды?»,
«Қайда ойнадың, кіммен дос болдың?» — деп нақты сұрақ қойыңыз.
2. Балаңызды «қолынан келеді» деп сендіріңіз
«Сен өзің киіне аласың!»
Мадақтау – өзіне сенімділік береді.
3. Балаңыздың алдында тәрбиешіні мақтаңыз
Бұл тәрбиешіге деген сенімді арттырады және тыңдауға ықпал етеді.
4. Балаңызды асықпай қоштасуға үйретіңіз
«Сау бол, балам! Кешке сені күтемін!» – жылы, сенімді қоштасу бейімделуге
көмектеседі.
5. Бөбекжай– “мінсіздік жарысы” емес
Басқа балалармен салыстырмаңыз.
Әр бала – өзінше ерекше!
6. Баланың сөмкесін бірге жинаңыз
Бұл – жауапкершілік пен өз-өзіне қызмет етуге алғашқы қадам.
7.
Тәрбиеші – сіздің серіктесіңіз
Ашық диалог пен сенім – баланың
мүддесі үшін маңызды.
8.
Баланың көңіл-күйіне назар аударыңыз
Ашуланса – құшақтаңыз,
Тыныш отырса – себебін сұраңыз.
Бөбекжай басшысы: Избасарова Р.А.
https://www.instagram.com/p/DVKw5jTDJC3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Келген ата-атаналарға денсаулық шараларын сақтауға ұсыныс берді.Бөбекжайдағы таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекел
Консультациялық пункт отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің біртұтастығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемесіне қатыспайтын балалардың тұлғалық жан-жақты дамуына қолдау көрсету.
Консультациялы