№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №57 “Ақбота” бөбекжайы ЖБҚ МКҚК.
Мекен-жайымыз: Ақтау қаласы 28 шағын аудан 44 ғимарат.
Электронды пошта: yaslisad_57akbota@mail.ru
Байланыс номері: 8 (7292) 40-54-34, 40-09-60.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығын негізге ала отырып, төмендегі бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі –6 штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг ( уақытша бала күтімі демалыс орнына).
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының қазақ тілі маманы-1штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг (тұрақты орын).
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының музыка жетекшісі- 1 штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг (тұрақты орын).
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының бейнелеу маманы- 1 штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг (тұрақты орын).
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының логопед маманы- 1 штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг (тұрақты орын).
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог маманы-1 штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг (уақытша бала күтімі демалыс орнына).
7. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының хореогрофы-1 штаттық бірлік, ақы төлеу мөлшері -158742 тг (уақытша бала күтімі демалыс орнына).
Ескерту: ақы төлеу мөлшері орташа көрсеткішпен көрсетілген. Жалақы есептеуде еңбек өтілі, білім деңгейі, санаты ескеріледі.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 113-тармағына сәйкес мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 31 шілдесінен бастап 08 тамыз аралығында қабылданады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.
https://www.instagram.com/p/DMxFHRnodxz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=Zm04YzZldzViOWQ3
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




