№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
12.08.2025жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№57 Ақбота» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31наурыздағы № 57 бұйрығына сәйкес және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.03.2025жылғы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес жарияланған бос лауазымдық орындарға конкурстық комиссия отырысы өтті.
Конкурстық комиссияға ұсынылған өтініштер мен құжаттарды негізге ала отырып, конкурс талаптарына сай үміткерлердің құжаттары конкурстық комиссияда қаралды. Комиссия отырысының шешіміне сәйкес, конкурс талаптарына сай келетін үміткерлер жарияланған уақытша бос лауазымдарға 4 педагог- Бисенбек Нұргүл Ерланқызы, Орумбай Әсем Асилбекқызы, Түбір Малика Косайқызы және Изекенова Алия Махмутовна тәрбиеші (уақытша, бала күтіміндегі педагог орындары) лауазымына конкурстан өтті деп шешім шығарылып, бөбекжай басшысына еңбек шартын жасасып, жұмысқа қабылдауға ұсынылды. Ал, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі (уақытша, бала күтіміндегі педагог орыны-2орын), хореогроф (уақытша, бала күтіміндегі педагог орыны), дефектолог (уақытша бала күтіміндегі педагог орны), қазақ тілі, бейнелеу, музыка жетекшісі, логопед лауазымының бос орындарына құжаттар түскен жоқ.
https://www.instagram.com/p/DNS-7YCNbbl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NWd2Z2U1bmw2cHMx
https://www.facebook.com/share/p/16T7c4vokV/
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




